Шығын мөлшері 100 мың теңгеден асқан.
ERNUR.KZ. Мас күйдегі ер адам Нұр-Сұлтан қаласындағы дүкендердің бірінен әйелдер киімін ұрлап кетті, деп жазады ҚазАқпарат.
«Едәуір ішіп алған күдікті таңертең серуендеп қайтуға шыққан. Желтоқсан көшесінде орналасқан дүкенді көріп, ұрлық жасауға бел буады. Пластикалық терезені суырып алған ол дүкеннің ішіне кіріп, әйелдерге арналған жейде, футболка мен сөмкелерді ұрлаған. Шығын мөлшері 100 мың теңгеден асады», - дейді қалалық полиция департаментіндегілер.
Полицейлер ізін суытпай бұрын істі болған 25 жастағы қала тұрғынын ұстады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ұсталған азаматтың қала аумағында жасалған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.