Жапонияда нөсер жауын салдарынан алты адам мерт болды

0
144

Накая тоннелінде көшкін жүріп, 10 адам шыға алмай қалған.


Жапонияда нөсер жауын салдарынан алты адам мерт болды

ERNUR.KZ. Жапонияның Исикава префектурасында рекордтық мөлшерде жауған нөсер жауыннан соң алты адам мерт болып, екеуі із-түзсіз жоғалған, тағы 8 адаммен байланыс жоқ, деп жазады inform.kz.

Риа Новости агенттігінің жазуынша, Накая тоннелінде көшкін жүріп, 10 адам шыға алмай қалған. Олардың екеуі мерт болды. Сонымен қатар адамдардың денесі құлаған үйдің астынан табылды. Бір адамның денесі өзен маңынан табылған.

Табиғи апаттан әсіресе Ното поселкесі мен Вадзима және Судзу қалалары қатты зардап шеккен. Бұл қалалар биылғы жылдың 1-қаңтары күні болған жер сілкінісінен де қатты зардап шеккен еді.

Демалыс күндері Исикава префектурасындағы 7 қала мен ауылдарда 131,4 мың адамға эвакуация жарияланды.

Сенбі күні Вадзима қаласында жауын рекордтық мөлшерде түскені белгілі болды. Нақтырақ айтқанда мұнда түскен ығалдың көлемі 24 сағатта 300 милиметрді құрады. Бұл 1975 жылдан бергі рекордтық көрсеткіш. Судзу қаласына 24 сағатта 200 миллиметрден астам ылғал түскен. Жаңбыр жексенбі күні де жауды.