А​станада мектеп оқушылары кәсіппен айналысып екі миллион тапты

0
4 136

Оқушылар айына 50 мың теңге кіріс кіргізетін бизнеспен айналысқылары келіп, көп ойланған. Нәтижесі одан да сәтті шықты.


А​станада мектеп оқушылары кәсіппен айналысып екі миллион тапты

ERNUR.KZ. Астанадағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушылары Әли Нұралы мен Рүстем Жармағанбетов бизнес-идеяларының арқасында миллион теңге табыс тапқан, деп жазады Today.kz.

Оқушылар айына 50 мың теңге кіріс кіргізетін бизнеспен айналысқылары келіп, көп ойланған. Нәтижесі одан да сәтті шықты.

"Біз мектебіміздің принті басылған футболка, свитшоттарды саттық. Сатылымның бірінші күнінде 300 000 теңге табыс таптық. Екі аптадан кейін 1 миллион теңге таптық. Мектепте зат сатуға тыйым салды, "басқа жерге барып сатыңдар" деді. Мектебіміздің желісін басқаратын 20 компания бар, солар 4 миллион, 2 миллион, 500 000 теңге тұратын ауқымды келісімшарт ұсынды. Екі айдан кейін 2 миллион теңге таптық, содан кейін жазғы демалысқа шығып кеттік", – дейді оныншы сынып оқушылары Әли Нұралы мен Рүстем Жармағанбетов.

Бұл туралы оқушылар орталық коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. "Атамекен" ұлттық палатасы ұйымдастырған мәслихатта кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қорытындысы жарияланды.

Назарбаев зияткерлік мектебінің тағы бір оқушылары Бибі Сауғабаева мен Қуаныш Аманғали "Жүрек" атты бизнес-жобаларының қыр-сырын бөлісті.

"Бұл қан донорларын іздеу жобасы. Жоба бірнеше бизнес-тренердің, доктордың қолдауымен құрастырылды, оның негізі – біз Қазақстандағы қан жетіспеушілігін байқап, жүйені оптимизацияладық. Шын мәнінде қан тапсыруға Қазақстан тұрғындарының 2,5 пайызы жұмылдырылуы керек, қазіргі таңда халықтың 1,7 пайызы донор болып саналады. Біз құрастырған жоба донорларды қан тапсыруға ынталандырады, біздің база анықтамасының негізінде жұмыс істейтін аурухана жарна төлейді. Біз менторларға жүгіндік, ұстазымыз Әсемгүл Сейсенова, оқулықтарымыздың авторының бірі зерттеуімізге көмектесті", – дейді Бибі Сауғабаева.

Бибінің сөзінше, ол серіктесі екеуі стартаптар байқауына қатысып, 500 000 теңге жеңіп алған. Олар құрастырған жоба әлеуметтік болып саналады. Ол негізінен қоғамға пайда тигізуге бағытталған.

Естеріңізге салайық, Қазақстанда жаңа оқу жылынан бастап тағы 17 мектепке "Кәсіпкерлік негіздері" пәні енгізіледі.