17 сәуір күні Астанада ауа райының нашарлауына байланысты (қар, көктайғақ, боран) көлік пен қоғамдық көліктің қозғалыс жылдамдығы төмендеді.
ERNUR.KZ. 17 сәуір күні екінші ауысымның барлық оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттері қашықтан оқуға ауыстырылды. Бұл жөнінде елорданың Білім басқармасы мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.
"2023 жылдың 17 сәуір күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген хабарламада.
17 сәуір күні Астанада ауа райының нашарлауына байланысты (қар, көктайғақ, боран) көлік пен қоғамдық көліктің қозғалыс жылдамдығы төмендеді. Автобустар кешігіп жүріп жатыр. Қаладағы кейбір көшелерде жүру тіптен қиындады.