Астанада отырған мемлекеттік қызметкерлер ауылға жіберіледі – сенат заңды мақұлдады

0
789

Заңмен орталық пен өңірлер арасында кадрлық ротация жүргізу шаралары бекітіліп отыр.


Астанада отырған мемлекеттік қызметкерлер ауылға жіберіледі – сенат заңды мақұлдады

ERNUR.KZ. Сенаторлар мемлекеттік қызметшілердің ротациясын енгізу жүйесін мақұлдады, деп жазады sputnik.kz.

Жоғары палата спикері Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, заңмен орталық пен өңірлер арасында кадрлық ротация жүргізу шаралары бекітіліп отыр.
"Бүгінде министрліктердегі көп азамат өңірлерде жұмыс істемеген, тәжірибесі жоқ. Өңірлерде не болып жатқанын біле бермейді. Ал министрліктерде қабылданатын барлық шешім өңірлердің мүддесін, өңірлердің жағдайын ескеріп, қабылдануы керек. Осы мақсатта ротация механизмі жұмыс істейді деп сенеміз", - дейді Әшімбаев.
Спикер өңірлер арасындағы ротацияны да қамту керектігін ерекше атап өтті.
"Мысалы, батыстың азаматтары шығысқа барып жұмыс істейтіндей мүмкіндік болуы керек. Солтүстіктегі азаматтар оңтүстікке барсын. Соған жағдай жасауымыз қажет. Бұл елімізді біртұтас мемлекет ретінде дамытуға өз үлесін қосатын қадам екені сөзсіз", - деп атап өтті Әшімбаев.
Айта кетері, мемлекеттік қызметшілерді ротациялау кезінде тұрғын үйді жалдау мақсатында ротациялық төлемдер беріледі деген жоспар бар.