Астанада Тelegram кеңсесі ашылады

0
264

Мессенджердің кеңсесі Astana Hub орталығында орналасады.


Астанада Тelegram кеңсесі ашылады

Фото: pixabay.com

ERNUR.KZ. Бұл туралы Сенат отырысында Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтты, деп жазады ulysmedia.kz.

– Телеграм, Мета сияқты компаниялармен ынтымақтаса жұмыс істеп жатырмыз. Астана халықаралық қаржы орталығының базасында Телеграм кеңсесін тіркеу жұмысы қолға алынды. Телеграм кеңсесі Astana Hub орталығында орналасады. Контентті модерациядан өткізетін нақты өкілі де тағайындалды, – деді Жаслан Мәдиев.

Министрдің айтуынша, Қазақстан ІТ-мамандардың орташа айлығы 600 мың теңге.

Еске сала кетсек, 26 тамызда Париж прокуратурасы Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровқа айып тағылғанын хабарлады. Іс 8 шілдеде ашылған, онда «аты белгісіз адамға» қатысты 12 қылмыстық іс бар. Тағайындалған айыптардың ішінде билік органдарымен ынтымақтастықтан бас тарту, кәмелетке толмағандардың порнографиялық суреттерін иелену және таратуға қатысу, сондай-ақ есірткі құралдарын сатып алуға, тасымалдауға, сақтауға, өткізуге немесе беруге қатысу және т.б.

Мессенджердегі мазмұнды модерациялау мәселесіне байланысты Парижде қолға түскен Telegram негізін қалаушы Павел Дуров дипломаттардың көмегінен бас тартқан еді.

Арада бірнеше күн өткенде пайдаланушылардың құпиялылығын қорғау принципін ұстанып танымал болған Павел Дуров француз құқық қорғау органдарына деректерді ұсына бастады. Бұл өзгеріс Дуровтың өзін ұстағаннан кейін болды, бұл оны Telegram-ды күдікті пайдаланушыларды анықтау үшін ақпарат бере отырып, күш құрылымдарымен байланыс орнатуға мәжбүр етті.