Кадрлардан тұрғындар жоғарғы қабаттардан эвакуацияланып жатқанын көруге болады.
ERNUR.KZ. Елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің жерасты автотұрағында өрт шықты, деп жазады tengrinews.kz.
Әлеуметтік желіде өрт шыққан орынның видеосы тарап кетті.
Кадрлардан тұрғындар жоғарғы қабаттардан эвакуацияланып жатқанын көруге болады.
"6 маусымда сағат 11:56-да Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Мұхамедханов көшесіндегі тұрғын үй кешенінің автотұрағында өрт шыққаны туралы келіп түскен хабарламаға барды.
Өртсөндірушілер 7 минут ішінде келіп, тұрақта бір көліктің жанып жатқанын анықтады", - делінген хабарламада.
Өрт орнында дереу жедел штаб құрылып, өртсөндірушілер барлау жұмыстарын жүргізіп, жоғарғы қабаттардағы адамдарды эвакуациялап жатыр.
Қазіргі уақытта астаналық өртсөндірушілер қарқынды жұмыс істеп жатыр.