Астанада жүкті әйелін ұрған тұрғын 10 тәулікке қамалды

0
840

Бұл ер адамның жұбайына бірінші рет қолын көтеруі емес.


Астанада жүкті әйелін ұрған тұрғын 10 тәулікке қамалды

ERNUR.KZ. 42 жастағы ер адам үйінде кәмелетке толмаған екі баланың көзінше жұбайына қатысты балағат сөздер айтып, оның ар-намысы қорлап, оны ұрып-соққаны анықталды, деп жазады inbusiness.kz.

Аталған дерек бойынша құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-2-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың профилактикасын күшейту мақсатында елордалық полиция департаментінің қызметкерлері әрбір учаскені барынша пысықтауды жүргізеді.

"Астана қаласының полиция департаменті егер сіз зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға “102” арнасы немесе әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің сенім телефоны 8-(7172)-71-60-63 арқылы хабарласуыңыз қажет екенін хабарлайды, онда полиция қызметкерлері сізге консультативтік-құқықтық көмек көрсетеді", делінген хабарламада.