Астанадағы №14 мектеп оқушысы екінші қабатқа шығып бара жатып баспалдақтан құлап кеткен болатын.
ERNUR.KZ. Астанадағы мектептердің бірінде баспалдақтан құлап кеткен бала ауруханадан шығарылды, деп жазады tengrinews.kz.
Ақпаратты Астана денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады.
"2023 жылдың 2 қазанында бала қанағаттанарлық жағдайда үйге шығарылды", - деп хабарлады ведомство.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанадағы №14 мектеп оқушысы екінші қабатқа шығып бара жатып баспалдақтан құлап кеткен болатын. Баланың айтуынша, оны сыныптасы итеріп жіберген. Оқиға мектепте орнатылған бейнекамераға түсіп қалған.