Астаналық әйел жазадан құтылу үшін жүктімін деп жалған құжат жасатқан

0
356

Прокуратураның хабарлауынша, мас күйінде көлік жүргізу - жолдағы өрескел заң бұзушылықтың бірі.


Астаналық әйел жазадан құтылу үшін жүктімін деп жалған құжат жасатқан

ERNUR.KZ. Астанада мас күйінде көлік жүргізген әйел жазадан құтылу үшін өзін «жүктімін» деп алдаған. Жалған мәлімет беру фактісі туралы прокуратура мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Көбінесе мұндай бұзушылар әйел адамдар болып келеді. Құқық бұзушылар жазадан жалтару мақсатында қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын басқа да құқыққа қарсы әрекеттер жасайтын жағдайлар бар. Мысалы, қала тұрғыны мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамауға алынбау мақсатында сотқа жүктілік туралы анықтама берді, ол жалған болып шықты», - деді елордалық прокуратура басқармасының басшысы Саламат Тәңірберген.

Сот әйелді 15 күнге қамауға алып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырды. Сондай-ақ жалған құжатты пайдалану фактісі бойынша оған қатысты ҚК-нің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мас күйінде көлік жүргізу жолдардағы өрескел бұзушылықтың бірі болып қалып отыр.

Айта кетерлігі, 2024 жылдың басынан бері елорда аумағында 19 459 жол-көлік оқиғасы болды, оның ішінде мас күйінде 118 жүргізуші ұсталды.