Астаналық "Шымбұлақ": Нұр-Сұлтанда сноуборд алаңы ашылады

0
1 232

Экстремалды спорт түрлеріне әуесқойлар үшін күндізгі ғана емес, түнгі шаңғы тебуді де ұйымдастыру жоспарлануда.


Астаналық

20 желтоқсанда Ататүрік саябағында тау шаңғысы мен сноубордқа арналған жасанды төбешік пайда болады. Нысан Қазақстанда алғаш рет қысқы қоғамдық кеңістікті дамыту аясында орнатылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Құрылыстың жалпы ауданы 720 м2-ден асады. Ұзындығы - 40 м, ені - 18 м.

Елордалық Урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкеннің айтуынша, саябақ көптеген пластик, металл және ағаш элементтерден жасалған.

«Бұл қызықты спорт түрі тұрғындар мен елорда қонақтарының қысқы демалысын түрлендіре түсетініне сенімдімін».



Сноупарк аумағында жаңадан бастаушыларға қажетті жабдықты жалға беруді ұйымдастыру жоспарлануда, нұсқаушылар әуесқойларға сабақ береді. Кешке сноупарк шамдармен жарықтандырылады. Осылайша, экстремалды спорт түрлеріне әуесқойлар үшін күндізгі ғана емес, түнгі шаңғы тебуді де ұйымдастыру жоспарлануда.



Ататүрк атындағы саябақта сноубордшылар мен шаңғышыларға арналған сноупаркпен біге мұз айдыны, конькимен сырғанауға арналған мұз айдыны және аниматорлары бар Аяз ата үйі салынады. Жылы орындар мен кофеханалар да ұйымдастырылады.