Оқушылар мектепішілік есепке қойылған.
Фото: видеодан скриншот
ERNUR.KZ. Зайсанда үш бойжеткен оқушы қызды қатты боқтап, ұрып, тізерлетіп қорлық көрсеткен. ШҚО полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық бұзушы жасөспірімдер мектепішілік есепке қойылды, әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс енгізілді. Полицейлер кәмелетке толмағандардың ата-аналарын балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр», - деп хабарлайды ШҚО полиция департаменті.