"Атамұра" оқулықта Қазыбек би мен Әйтеке бидің есімі қалай ауысып кеткенін түсіндірді

0
1 980

Оқулықта Әйтеке бидің суретінің астына Қазыбек би деп жазылған.


ERNUR.KZ. "Атамұра" баспасы алтыншы сынып оқулығындағы Қазыбек би мен Әйтеке би портреттеріндагі қателікті түсіндірді, деп жазады Tengrinews.kz.

Қазақстанда әлеуметтік желі қолданушылары 6-сыныптың "Қазақстан тарихы" кітабындағы қатені талқылап жатыр, онда Әйтеке бидің суретінің астына Қазыбек би деп жазып қойған, ал Қазыбек биді керісінше Әйтеке би деп көрсеткен.

"6-сыныпқа арналған "Қазақстан тарихы" оқулығының орыс нұсқасын (авторлары Бакина Н., Жанакова Н., Сүлейменова К.) әзірлеп жатқанда компьютерде техникалық ақаулар болып, Қазыбек би мен Әйтеке бидің есімдері ауысып кетіпті. Қазақша оқулықта және сайтта барлығы дұрыс жазылған", - деді 6-сыныптың "Қазақстан тарихы" оқулығы авторлық ұжымының жетекшісі Назикен Бакина.

Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би - қазақ халқының үш ұлы биі, олар "Жеті жарғы"заңдар жинағының авторлары.