Олар итті пышақпен өлтіріп, етін мүшелеп, үйге алып кеткен, ал қалған бөлігі оқиға орнында қалған.
ERNUR.KZ. 7 сәуірде Атбасарда учаскелік полиция инспекторы жергілікті тұрғындардың итті сойғанын анықтады, деп жазады zakon.kz.
Түнде екі адам көшеде итті байқап, оны тамаққа пайдалану шешімін қабылдағаны алдын-ала анықталды.
Олар итті пышақпен өлтіріп, етін мүшелеп, үйге алып кеткен, ал қалған бөлігі оқиға орнында қалған.
Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы 3-бөлігі (Жануарларға қатыгездік) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
Одан әрі тергеу әрекеттері барысында иттің сүйектері табылып, тәркіленді, қала тұрғындары қылмыс жасағанын мойындады. Қазіргі уақытта оқиғаны тергеу жүріп жатыр.