Атырау облысында төтенше жағдай режимі жарияланды

0
816

6 сәуірде Атырауға жұмыс сапарымен барған вице-премьер Қанат Бозымбаев жедел штабтың отырысын өткізіп, қалада ТЖ режимі жарияланатынын мәлімдеген еді.


Атырау облысында төтенше жағдай режимі жарияланды

ERNUR.KZ. Атырау облысының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп жазады zakon.kz.

"Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешімге Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов бүгін, 2024 жылғы 7 сәуірде қол қойды", делінген Атырау облысының жедел штабы таратқан хабарламада.

Айта кетсек, 6 сәуірде Атырауға жұмыс сапарымен барған вице-премьер Қанат Бозымбаев жедел штабтың отырысын өткізіп, қалада ТЖ режимі жарияланатынын мәлімдеген еді. Ол өзінің бұл шешім Ресейдегі су тасқыны және Атырау облысындағы су тасқынымен күрес іс-шаралары барысында Жайық өзеніндегі су бөгеттерін нығайту қажеттігімен байланысты қабылданғанын айтты. Оның айтуынша, судың Атырауға жетуіне 20 шақты күн қалған.