Атырау облысында жанып жатқан үйден үш нәресте құтқарылды

0
748

Өрт сөндірушілер барлығы 6 адамды құтқарды.


Атырау облысында жанып жатқан үйден үш нәресте құтқарылды

ERNUR.KZ. Атырау облысында өрт сөндірушілер көпқабатты тұрғын үйден 6 адамды, оның ішінде үш нәрестені құтқарды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық ТЖД Қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша, 16 шілдеде сағат 17:28-де Вокзал мөлтек ауданы – 5 ықшам ауданында орналасқан бес қабатты үйлердің бірінен түтін шыққаны туралы хабарлама түскен.

«Оқиға орнына санаулы минутта жеткен өрт сөндірушілер үшінші қабаттағы пәтерлердің бірінде балконның жанып жатқанын анықтады. Өрт кезінде баспалдақ арқылы 38 тұрғын (21 ересек, 17 бала) өз күштерімен эвакуацияланған.
Сонымен қатар дәліз бойын қою қара түтін басуына байланысты өрт сөндірушілер автосатының көмегімен 6 адамды (3 ересек, 3 нәрестені) 2-ші қабат және 4-ші қабаттың тұрғындарын құтқарды», - делінген хабарламада.

Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлері құтқарылған тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсетті.

«Өрт салдарынан пәтердің балконында орналасқан тұрмыстық заттар жанған. Өрт сөндірушілердің жедел іс-әрекетінің нәтижесінде санаулы минуттарда өрт сөндіріліп, өрттің басқа бөлмелер мен өзге пәтерлерге таралуына жол берілмеді. Өрттің шығу себептері анықталуда, зардап шеккендер жоқ», - деді ТЖД өкілдері.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 7 қызметкер мен 2 бірлік техника жұмылдырылды.