Атырауда 4 жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап мерт болды

0
800

Кінәлі тұлғалар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Атырауда 4 жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап мерт болды

ERNUR.KZ. Атырауда төрт жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап, алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 10 қыркүйекте кешкі сағат 19.30-да болған.

«Төрт жасар кішкентай сәби бесінші қабаттағы терезеден құлап кеткен. Ауыр жарақат алған бала есін жимастан оқиға орнында жан тапсырған», - делінген хабарламада.

Полиция бұл оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттердің орындалмауына қатысты 141-бабына сәйкес алдын ала тергеуді бастады.

Кінәлі тұлғалар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Полицейлер тергеу мүддесін алға тартып, оқиғаның жай-жапсарын жариялаған жоқ.