Атырауда 4 жасар бала терезеден құлап, мерт болды

0
286

Оқиға 19 қыркүйек күні кешкі сағат 16:43-те болған.


Атырауда 4 жасар бала терезеден құлап, мерт болды

ERNUR.KZ. Атырауда Сары-Арқа көшесінде орналасқан көп қабатты үйдің алтыншы қабатынан 4 жасар бала құлап кетіп, ауруханада жан тапсырды, деп жазады inbusiness.kz.

2020 жылы туған сәби жедел жәрдем келгенде ауыр хәлде жатқан. Дәрігерлер баланың өмірі үшін қанша күрескенімен, ол ауруханада жан тапсырған.