Атырауда 52 жастағы әйел тұңғышын дүниеге әкелді

0
550

Баланың салмағы 3 келі, 70 грамм.


Атырауда 52 жастағы әйел тұңғышын дүниеге әкелді

ERNUR.KZ. Атыраулық әйел жасанды ұрықтандыру жолымен сәби сүю мүмкіндігіне ие болды, деп жазады inbusiness.kz.

Атырау облыстық перинаталдық орталығында 19 қаңтар күні білікті дәрігерлердің қатысуымен жүкті әйелге ота жасалған.

"Салмағы 3 келі, 70 грамм ер бала дүниеге келді. Бойы – 51 см. Жүкті әйел орталыққа қағанақ суы кетіп келгендіктен, ота шұғыл түрде жасалған. Қазіргі таңда ана мен сәбидің жағдайы жақсы", - дейді дәрігерлер.