Өрт салдарынан тағы екі адам зардап шекті.
ERNUR.KZ. Атырауда бес қабатты үй өртеніп, бір адам көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 14 сәуір күні сағат 18.48-де Атырау қаласында Авангард көшесіндегі үйде болған. 4-қабаттағы пәтерде, 15 шаршы метр ауданда өрт болды.
"1949 жылғы үй иесінің әйелі екінші дәрежелі күйік алған. Ол облыстық ауруханаға жатқызылды, 1949 жылғы үй иесі дәрігер тексергеннен кейін үйіне жіберілді. Өрт орнында 1976 жылы туған ұлының мәйіті табылды (2-ші топтағы мүгедек)", - делінген хабарламада.
Өрттің алдын ала себебі отты абайсыз қолдану.