Ер адам Қызылқоға ауданы Кенбай ауылындағы "Азамат" шаруа қожалығында бақташы болып жұмыс істеген.
ERNUR.KZ. Атырау облысында былтыр қыста жоғалып кеткен 42 жастағы Өзбекстан азаматы өлі табылды, деп жазады exk.kz.
Ер адам Қызылқоға ауданы Кенбай ауылындағы "Азамат" шаруа қожалығында бақташы болып жұмыс істеген. Ол 16 желтоқсанда далаға кетіп, содан оралмаған. Іздеу шаралары ешқандай нәтиже бермеген соң тоқтатылған.
Жақында Қызылқоға АПБ учаскелік инспекторы Е.Сағытжанов "Азамат" шаруа қожалығынан үш шақырым жерде өзіне бекітілген учаскені тексеру барысында белгісіз адамның мәйітін тауып алған.
Сот-медициналық сараптама нәтижесінде бұл бес ай бұрын қыста жоғалып кеткен шопан екені анықталған.