Эпидемиолог Covid-19 індетін инфекция ошағында жұмыс істеу барысында жұқтырған.
Атырауда эпидемиолог коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб мәліметінше әңірде Covid-19 індетінен сауығып шыққандардың саны 82 адамға жеткен.
Штаб мәліметіне сәйкес, тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің 55 жастағы қызметкері - Теңіз кенішіне іс-сапармен барған.
"Эпидемиолог Covid-19 індетін инфекция ошағында жұмыс істеу барысында жұқтырды. Оған инфекциялық стационарда тиісті ем шаралары жүргізіліп, соңғы алынған тест қорытындысы бойынша әйелдің коронавирус инфекциясынан айыққаны расталды", - дейді штабтағылар.
Сондай-ақ, инфекциялық стационардан тағы үш жергілікті тұрғын жазылып шыққан. Олар – 33,35 жастағы екі ер адам және 25 жастағы әйел.