Атырауда ескерткіш құлап, қызды басып қалған: полиция куәгерлерді іздеп жатыр

0
406

Атырау облысы ПД-нің тергеу бөлімі баланың өліміне қатысты соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.


Атырауда ескерткіш құлап, қызды басып қалған: полиция куәгерлерді іздеп жатыр

ERNUR.KZ. Атырау облыстық Полиция департаментінің Тергеу басқармасы 7 жасар қыздың өліміне әкеп соқтырған оқиғаның барлық куәгерлерінен полицияға хабарласуды сұрайды, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға 26 маусымға қараған түні Атырау қаласындағы Жеңіс саябағындағы алаңда болған. 2017 жылы туған қыздың үстіне ескерткіш құлады. Ол алған жарақаты салдарынан облыстық балалар ауруханасында көз жұмды.

Ресми мәлімет бойынша, Атырау облысы ПД-нің тергеу бөлімі баланың өліміне қатысты соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
"Осыған байланысты оқиғаның нақты мән-жайын анықтау, істің толықтығын қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылғы 25 маусымда кешке болған қылмыстық құқық бұзушылықты көрген және ескерткішті көтеруге көмектескен адамдарды Атырау қаласы, Әбілхайрхан даңғылы, №55 (№329 кабинет) мекенжайы бойынша немесе 98-22-72, +7702-741-53-95, +7747-750-95-95 телефоны бойынша тергеу басқармасына хабарласуды сұраймыз", - деді Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.