Атырауда итті тоңазытқыш есігімен қылғындырған ер адам өз әрекетін түсіндірді

0
1 072

Ер адам итті жазаламақ болған.


Атырауда итті тоңазытқыш есігімен қылғындырған ер адам өз әрекетін түсіндірді

ERNUR.KZ. Атырау облысында итті тоңазытқыш есігімен қылғындырған ер адам өз әрекетін түсіндірді, - деп жазады тengrinews.kz.

Ер адам кешірім сұрап, видео жариялады.

"Сәлеметсіздер ме, қазақстандықтар. Мен, Жұматаев Марғұлан Жалғасұлы, Атырау облысы Еркіндала ауылынанмын. Итпен жасаған әрекетімен өкінемін. Осы әрекетімен кейін 3-4 күн өткен соң қызымды ит тістеп алды. Ал кеше түскі уақытта ит ата-анамның жылыжайындағы көшеттің барлығын бүлдіріп кетті. Сондықтан мен мас күйде оны жазалайын дедім. Өкінемін, енді мұндай қайталанбайды", - деді ол.

Еске салайық, мұның алдында Атырау облысында итті тоңазытқыш есігімен қылғындырған ер адамның ұсталғаны хабарланған болатын.

Видео Instagram желісіндегі "Доброе сердце" парақшасында жарияланды. Видеоны ер адамның танысы түсірген дейді. Ол итті тоңазытқыш есігімен қылғындырған танысына "Мака, қой, кәуап жасамай-ақ қой, керек емес" дейді. Алайда ол өз әрекетін тоқтатпады.