Өрт ғимараттың астыңғы қабатында орналасқан саунадан шыққан.
иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден
ERNUR.KZ. Орал қаласынан жарысқа келген жас спортшылар Атырау қонақүйінде болған өрттен құтқарылды, деп жазады ҚазАқпарат.
«16 маусым күні сағат 01:19-де Атырау қаласының «101» желісіне М.Әуезов көшесіндегі «Райхан» қонақүйі өртеніп жатқаны туралы хабарланған. Өрт ғимараттың астыңғы қабатында орналасқан саунадан шыққан. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 3 баланы құтқарып, 31 адамды қауіпсіз аймаққа көшірді, олардың 29-ы бала. Құтқарылған және қауіпсіз аймаққа көшірілген балалар Орал қаласынан жарысқа келген», - делінген хабарламада.
9 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сағат 02:33-те сөндірілді. Оқсы оқиғадан ешкім зардап шекпеді.
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 26 адам және Атырау облысы ТЖ департаментінен 5 техника жұмылдырылды.