Қайғылы оқиға кеше, 29 қазанда болған.
ERNUR.KZ. Атырауда Жайық өзенінің үстіндегі көпірден секірген 20 жастағы бойжеткен мерт болды, деп жазады ҚазАқпарат.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға кеше, 29 қазанда, сағат 23:05-те болған.
«2000 жылы туған қыз Балықшы және Жұмыскер елді мекендерін жалғастыратын көпірден секіріп кеткені анықталды. Құтқарушылар келгенге дейін сағат 23:17-де полиция қызметкерлері қыздың денесін судан шығарды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.