Атырауда коронавирустан емдемек болған жалған емші ұсталды

0
1 070

Ол науқастарға мерзімі өтіп кеткен дәрілерді ұсынған.


Атырауда коронавирустан емдемек болған жалған емші ұсталды

ERNUR.KZ. Атырауда дәстүрлі емес медицина арқылы індетті емдеумен айналысқан тұрғын ұсталды. Ол қаладағы ғимараттардың бірін стационар типінде жабдықтап, коронавирус жұқтырған тұрғындарға ем-дом жасаған, деп жазады Stan.kz.

Тексеру барысында оның арнайы лицензиясы жоқ екендігі анықталды. Әрі ды.

"Ғимараттың екінші қабатынан ешқандай санитарлық нормаларға сай келмейтін станционар ашқан. Полиция қызметкерлері тексеру барысында төменгі қабаттан жарамдылық мерзімдері асып кеткен, жалпы саны 2500-ден астам дәрілік өнімдерді тауып тәркіледі. Қазір аталған дерек бойынша тексеру жұмыстары жалғасуда", - деді облыстық ПД-нің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.