Атырауда коронавирустан тағы бір дәрігер қайтыс болды

0
764

Дәрігердің әріптестері оның отбасына көңіл айтып, желіде жазбалар жариялады.


Атырауда коронавирустан тағы бір дәрігер қайтыс болды

ERNUR.KZ. 18 шілдеде Атырауда №4 қалалық аурухананың ренгенолог дәрігері Нариман Ақпанов қайтыс болды. Бұл - Атырауда қайтыс болған бесінші медицина қызметкері, деп жазады АқЖайық.

Кеше дәрігердің әріптестері оның отбасына көңіл айтып, желіде жазбалар жариялады. Дәрігердің неден қайтыс болғаны хабарланбады. Бірақ ол пневмониямен ауырғаны және COVID-19-ға сынамасы оң нәтиже көрсеткені белгілі.


«Нариман Зұлпыхарұлы көптеген жыл бойы біздің №4 емханада жұмыс істеп, терең білімі мен машықтарын науқастарды емдеуге арнады. Оның әзілқойлығы мен адамгершілік сезімі, әділеттілігі, ұстанымын қорғай білуі біз үшін әрқашан үлгі болды", - деп жазды марқұмның әріптестері.