Атырауда мейрамхана иелері той өткізуге тағы да рұқсат сұрады

0
2 553

Біз ай сайын коммуналдық төлемдерді, тоқсан сайын салықтарды төлеп отырмыз, дейді мейрамхана иелері.


Атырауда мейрамхана иелері той өткізуге тағы да рұқсат сұрады

ERNUR.KZ. Атырауда мейрамхана иелері тағы да той өткізуге рұқсат сұрады,деп жазады ҚазАқпарат.

Мейрамхана иелері Атырау облысының кәсіпкерлері мен жұмыс берушілер одағына осындай өтінішпен жүгінді. Кәсіпкерлердің айтуынша, мейрамхананы басқа бизнес- нысанға айналдыруға қаржы жетпейді.


«Біз ай сайын коммуналдық төлемдерді, тоқсан сайын салықтарды төлеп отырмыз. Көбіміз бизнес ашу үшін несие алдық. Қазір біздің қызметкерлеріміз жұмыссыз отыр. Өзіміз де шығынға баттық. Барлық санитарлық норма мен ережені сақтай отырып, жұмыс істеуге рұқсат беруіңізді сұраймыз. Мейрамханаларда 120-150 адамға арналған банкеттер өткізуге рұқсат етілсе де, біз табыс таба алар едік», - дейді мейрамхана иесі Салтанат Бекболова.


Атырау облысының кәсіпкерлері мен жұмыс берушілер одағында өткен жиында жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Жұмыс тобына банкет залдарының иелері, кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағының, жергілікті атқарушы органдардың мамандары кірді. Олардың қатысуымен Президенттің, Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, ҚР Бас санитарлық дәрігерінің атына 150 адамға дейін толтырылатын банкет залдарының жұмысына рұқсат беру туралы өтініш жасалды.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Атырау облысының кәсіпкерлері той өткізуге рұқсат сұрағанын хабарлаған болатынбыз.