Атырауда полиция ғимараты құлап қалды

0
632

Атырауда мас жүргізуші полиция ғимаратын қиратып кетті.


Атырауда полиция ғимараты құлап қалды

ERNUR.KZ. Мас күйінде көлік жүргізген ер адам облыстық Полиция департаментінің тас дуалына соғылған, деп жазады exk.kz.

Оқиға бүгін түн ортасында болды. Қала орталығында орналасқан Атырау облыстық полиция департаментінің қызметкерлері қатты естілген дауысты естіп сыртқа шыққанда, бір бөлігі құлап қалған дуалды көрген.

"Mitsubishi ISX маркалы көлінің 41 жастағы жүргізушісі мас күйінде көлік құралын басқарып, Департаменттің тас қоршауына көлігін соққан. Сотқа іс-құжаттар жинақталуда. Айта кетейік, аталған бап бойынша жүргізушіге 20 тәулік қамауға алу және жүргізуші куәлігінен айырылу жазасы көзделген", — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

Осылайша күдікті сотын қамауда күтетін болды.