Облыстық әкімдіктің мәліметінше 17 қазанда жөндеу жұмыстары жүргізілді, сол күні су беріле бастады
фото: Sputnik / Алексей Мальгавко
ERNUR.KZ. Атыраудағы Әбілқайыр хан көшесінің тұрғындары ереуілге шықты. Айтуларынша, жаңа үйде су өзекті мәселеге айналған, деп жазады sputnik.kz.
Әбілхайыр хан көшесі 74/1 мекен-жайындағы New city тұрғын үй кешені 2021 жылы пайдалануға берілген.
"Құжаттық монтаждау жұмыстары сараптамадан өткен жоба бойынша орындалды. Сорғы станциясындағы апат салдарынан сорғылар су астында қалды, олар су тасқыны салдарынан істен шыққан болатын. 17 қазанда жөндеу жұмыстары жүргізілді, сол күні су беріле бастады", - дейді ведомство.
Қысымды реттеу үшін сорғылар мен жиіліктер орнатылды.
"Сондай-ақ "Атырау облысы Су Арнасы" КМК мамандары осы сорғы станциясына сағат сайын мониторинг жүргізіп жатыр. Сонымен қатар сорғыларды қауіпсіз жерге көтеру үшін материалдар сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл болашақта мұндай апаттардың алдын алады", - дейді облыстық әкімдік.