Атырауда үйдің ауласынан 6 жасар қыздың денесі табылды

0
654

​Сағат кешкі сегіз шамасында қыз үйдің ауласына шыққан, екі сағаттан кейін баланың денесі шұңқырдан табылды.


Атырауда үйдің ауласынан 6 жасар қыздың денесі табылды

ERNUR.KZ. Атырауда алты жасар қыз тереңдігі екі метр шұңқырға құлап мерт болды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Қайғылы оқиға 13 маусымда Атыраудағы жер үйлердің бірінің ауласында кешкі сағат 21:50-де болды.

Баланың туыстарының айтуынша, сағат 19:50 шамасында ол аулаға ойнауға шығып кеткен. Екі сағаттан кейін қыздың денесі тереңдігі екі метр шұңқырдың ішінен табылды.

Облыстық полицияның хабарлауынша, соңғы уақытта өңірде жазатайым оқиғалар көбейіп кеткен, салдарынан үйдің ауласында қараусыз қалған балалар мерт болды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Атырауда бір жарым жасар ер бала жоғалып кеткен еді. Оның мәйітін екі тәуліктен кейін септиктен тапты.