Атырауда жаңа туған сәбиді палаталас келіншек құлатып алды

0
645

Атырау облыстық перинаталдық орталығында жаңа туған сәбиді әлсіз, босанғанына көп болмаған, анасымен палаталас келіншек құлатып алған.


Атырауда жаңа туған сәбиді палаталас келіншек құлатып алды

ERNUR.KZ. Сәбидің анасы дәрігерлердің бұл жағдайға бейқам қарайтынына наразылығын білдірді, деп хабарлайды Stan.kz.

Қала тұрғыны Әнуар Жұмабайдың айтуынша қайын әпкесі босанған соң 2 күннен кейін өзге әйелдермен бірге рентгенге келген. Палатада төрт әйел болып, алдымен екі ананы сосын тағы біреуін қабылдауға шақыртқан. Соның салдарынан палатадағы жаңа босанған, әрең қозғалатын, әлсіреген әйелге балаларды қалдыруға тура келген. Сәби қатты жылаған соң келіншек оны қолына алып, тыныштандыруға тырысқан. Алайда әлі келмеген соң медбикелер мен дәрігерлерді көмекке шақырған. Алайда ешкіммен байланыса алмаған. Бір кезде ол ауырып, сәбиді қолынан еденге құлатып алған. Ал одан кейін әйел мен балаға көмекке медбикелер емес бейнебақылау камерасын бақылап, көріп қалғандар келген.

“Біз полициямен бірге келмейінше 2 сағат бойы сәбиге ешқандай көмек көрсетілмеген. Тіпті қызметкерлер бізден не болып еді деп сұрап, ештеңе білмейтіндей кейіп танытты. Басында дәрігерлер сәбидің жағдай жақсы деді. Орталық қызметкері анасына баламен бірге томографияға түсуге болмайтынын айтып тыйым салды. Біз наразылық білдірген соң ғана тағы бір қызметкер анасы жаңа туған нәрестемен бірге барлық жерде болуы керек екенін растады.

Бүгін бізге нәрестеге қан құю керек екенін, егер ол кеше жансақтау бөліміне түспегенде, оны жоғалтып алуымыз мүмкін болғанын айтты. Орталық басшылығы зардап шеккен сәбидің анасымен тіпті байланыспады. Салдарынан бұл жағдай босанған әйел мен бүкіл отбасын өте алаңдаты. Ал анаға қазір баланың не болып жатқанын, қандай шаралар қолданылып жатқанын жасырмай айтылуы үшін қолдау керек”, – дейді Әнуар Жұмабай.

Бұл жағдайға байланысты денсаулық сақтау басқармасы жауап берді.

“Ең бастысы сәбидің аман қалуы. Тексерулер баланың денсаулығынан кінәрат таппады, қауіп жоқ. Қазір болған оқиғаға байланысты тексеріс жүргізілуде”,- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев.