Атырауда жүргізушінің көлігінен 71 киік мүйізі тәркіленді

0
354


Атырауда жүргізушінің көлігінен 71 киік мүйізі тәркіленді

ERNUR.KZ. Атырауда 71 киік мүйізін әкеле жатқан 24 жастағы жүргізуші ұсталды, деп жазады BAQ.KZ.

Полиция қызметкерлері киік мүйізін тәркіледі.

Атырау облысы полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Браконьер-2024» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде күдік тудырған көлікті тоқтатқан.

“Полиция қызметкерлері Атырау қаласының аумағындағы ойын-сауық орталығының жанында күдік тудырған Toyota Highlander маркалы автокөлікті тоқтатып, тексеру жүргізді. Көліктің рульінде 24 жастағы жүргізуші болған. Тексеру барысында автокөліктің салонынан пакетке салынған 71 дана киік мүйізі табылды. Жүргізушіге қатысты киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.