Атырауда журналисті соққыға жықты деген күдікпен ер адам ұсталды

0
552

Еске салайық, Атырауда "Дорожный контроль" порталының тілшісі Олеся Вертинскаяға өз үйінің алдында шабуыл жасалған.


Атырауда журналисті соққыға жықты деген күдікпен ер адам ұсталды

ERNUR.KZ. Атырауда журналист Олеся Вертинскаяны ұрды деген күдікпен ер адам ұсталды, деп жазады Stan.kz.

"19 шілдеде 09:30 шамасында Жұмыскер шағын ауданы Мұталиев көшесінде "Дорожный контроль" ақпараттық порталының тілшісі Вертинская Олесяға дене жарақаттарын алды. 1999 жылы туған күдікті анықталып, ұсталды", – делінген хабарламада.

Құқық қорғау органының өкілдері аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 107-бабы, 2-бөлігі "адамның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына немесе кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осы адамға немесе оның жақындарына қатысты денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша тергеу жүріп жатқанын қосып өтті.

Еске салайық, Атырауда "Дорожный контроль" порталының тілшісі Олеся Вертинскаяға өз үйінің алдында шабуыл жасалған. Алғашында әйелден көмек сұрап, кейін бетінен соққы жасаған күдікті журналистің мұрнын сындырған