Атырауда жылқы мүсінін сындырған азамат қамауға алынды

0
536

Ол Оралдың 43 жастағы тұрғыны екен.


Атырауда жылқы мүсінін сындырған азамат қамауға алынды

ERNUR.KZ. Атырау орталығында мас ер адам арт-нысанға мініп, оны құлатқан, деп жазады baq.kz.

Сәтбаев көшесінің бойындағы мүсінге мінген ер адам туралы хабарды полицейлерге куәгер жіберген. Мәлімет бойынша, мас тұрғын арт-нысанды қиратқан.

Полицейлер заң бұзушыны анықтады. Ол Оралдың 43 жастағы тұрғыны екен. Медициналық сараптама қорытындысы бойынша, ол орташа деңгейде мас болған.

Құқық қорғау органдарының өкілдері ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырып, бес тәулікке қамауға алған.