Атыраулық фермерлер алғаш рет лимон өсіріп шығарды

0
985

Субтропиктік климатта ғана өсетін лимонды енді өзімізде де өсіруге болады.


Атыраулық фермерлер алғаш рет лимон өсіріп шығарды

ERNUR.KZ. Қалауын тапсаң қар жанады. Егістік, көкөніс, жеміс-жидектің өзі әрең өсетін табиғаты қатал аймақ Атырауда жергілікті фермер лимон өсіріп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Субтропиктік климатта ғана өсетін лимонды енді өзімізде де өсіруге болатындығына көз жетті. Бау-бақша өсіруді кәсіп ететін шаруа қожалығының өкілдері жуырда алғашқы лимон өнімін алады. Бұл күнді еңбекқор шаруалар 3 жыл күтті. Қажырлы еңбек пен төзімнің арқасында 20 шағын жылыжайдағы 2 мың түп лимонның бірі қалмай жеміс беру кезеңіне жетті. Алғашқы сыннан сүрінбей өткен шаруалар енді басқа тропиктік жемістерді де өсіріп көруді жоспарлап отыр.

- Лимон өсіру негізі аса қиын шаруа емес екен. Тек баптап, күте білу керек. Дегенмен, біздің аймақтың ауа райы қиындау. Қыста суық әрі үнемі жел, борандатып тұрады. Қыстың күні лимонарийдің ішіндегі ауа 2 градус ыстықтықтан төмен болмауы керек. Ал жазғы мезгілде 60 градус ыстыққа да төтеп береді, - деді шаруа қожалығының агрономы Виктор Шеффер.