Ауа райына байланысты астана әуежайынан 13 рейс ұша алмай қалды

0
634

Ұшақтардың кідіруіне елордадағы ауа райының қолайсыздығы мен ұшақтың кеш келуі себеп болып отыр.


Ауа райына байланысты астана әуежайынан 13 рейс ұша алмай қалды

ERNUR.KZ. Астана халықаралық әуежайында 13 ұшып келу және 10 ұшып шығу рейсі кейінге қалдырылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ұшақтардың кідіруіне елордадағы ауа райының қолайсыздығы мен ұшақтың кеш келуі себеп болып отыр.

«Жолаушылардан жолда абай болуларын және рейс жөніндегі ақпараттарды әуе компаниялардың байланыс орталықтарынан білулерін сұраймыз»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, демалыс күндері астанаға айлық нормаан асатын қар түсіп, барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне қосылды.