Ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар әлі ашылған жоқ

0
888

Бір аптада көктайғақтың кесірінен жол апатынан 39 адам мерт болып, 158 адам жарақат алған.


Ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар әлі ашылған жоқ

ERNUR.KZ. Қазақстанның үш өңіріндегі республикалық маңызы бар тас жолда көлік қозғалысына қойылған шектеу алынған жоқ. Еліміздің төтенше жағдайлар комитеті бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болуда екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондықтан аталған ведомство көлік жүргізушілеріне ескерту жасады.

Айта кетейік, қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысына қарасты Өскемен-Шемонайха трассасында жүруге көліктің барлық түріне тиым салынған. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан-Ерментау-Шідерті және Қызылорда-Павлодар күре жолы жабық тұр.

Естеріңізге сала кетейін екі күн бұрын ғана ішкі істер министрлігі таратқан мәлімет бойынша бір аптада көктайғақтың кесірінен орын алған жол апатынан 39 адам мерт болып, 158 адам жарақат алған. 1000-нан астам көлік жолда қалып 104-көлік апаты орын алған.