Жәбірленушінің айтуынша, ол екі ай бұрын Алматыға жұмысқа келген.
ERNUR.KZ. Өзбекстан азаматы отандасын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі. 28 жастағы секс-құлдықтың құрбаны жүктіліктің төртінші айында екен, деп хабарлайды NewTimes.kz агенттігі Алматы қаласындағы ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жәбірленушінің айтуынша, ол екі ай бұрын Алматыға жұмысқа келген. Әйел күйеуімен ұрысып қалғандықтан, аяғы ауыр екеніне қарамастан отанын тастап кетуді шешеді. Мегаполисте ол өзінің отандасын кездестіреді. 1993 жылы туған танысы оған жұмыс ұсынады. Біраз уақыт өткен соң аяғы ауыр келіншектің жаңа танысы өз еркінен тыс жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген», - деді Алматы қалалық полиция департаменті қылмыстық полиция басқармасы бастығының орынбасары Тимур Қаржаубаев.
Полиция қызметкерлері тінту барысында осы оқиғаны анықтап, өзбекстандық азаматты босатқан.
Ал оны осы қылмысқа мәжбүрлеген азамат ҚР Қылмыстық кодексінің «Жезөкшелікке тарту» бабы бойынша жауапқа тартылады.
Әзірге тергеу амалдары жүргізілуде.
Дереккөз: sn-akparat.