Азамат Есқараев Әділет министрі лауазымында қалды

0
534

Азамат Есқараев 1979 жылы Алматыда туған.


Азамат Есқараев Әділет министрі лауазымында қалды

Азамат Есқараев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен әділет министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды", - делінген жарлықта.

Азамат Есқараев 1979 жылы Алматыда туған.

Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаментінің жетекші маманы болып бастаған.

2000-2005 жылдары ҚР Әділет министрлігінде бас маман, Заңға тәуелді нормативтік актілердің жобаларын сараптау және дайындау басқармасы бастығының орынбасары – бөлім бастығы, Заңнама департаментінің өндірістік саланың заңға тәуелді нормативтік актілерін сараптау бөлімінің бастығы, Заңнама департаменті басқармасының бастығы, Заңға тәуелді актілер департаменті басқармасының бастығы болған.

2005-2006 жылдары – Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы.

2006-2007 жылдары – «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Заң қызметі департаментінің бас менеджері.

2007-2012 жылдары – ҚР Әділет министрлігінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді: құқықтық мәселелер жөніндегі консультант, Ішкі әкімшілік департаментінің жетекші маманы, министрдің көмекшісі, Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры, Заңнама департаментінің директоры.

2012-2014 жылдары ҚР ЭҚСЖҚКА инспекциясының ұйымдастыру-бақылау департаментінің бастығы болған.

2014-2019 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.

2019 жылдан 2023 жылғы қаңтарға дейін – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Заң бөлімінің меңгерушісі.

ҚР Президентінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы Жарлығымен ҚР әділет министрі болып тағайындалды.

2023 жылғы 4 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының әділет министрі болып қайта тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпанда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының әділет министрі болып тағайындалды.