Азаматтық авиация комитеті Air Astana мен FlyArystan рейстеріне қатысты мәселені тексереді

0
953


Азаматтық авиация комитеті Air Astana мен FlyArystan рейстеріне қатысты мәселені тексереді

ERNUR.KZ. Азаматтық авиация комитеті өкілі Air Astana және FlyArystan әуекомпаниялары рейстерінің кешігуі туралы шағымдарға жауап берді, деп жазады Tengrinews.kz.

"ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Air Astana мен FlyArystan әуекомпанияларының Алматы - Мале, Нұр-Сұлтан - Ташкент және Алматы - Қостанай рейстерінің, сондай-ақ, басқа да бағыттар бойынша кешігуіне қатысты әлеуметтік желілердегі жолаушылардың көптеген өтінішіне байланысты тиісті тергеу жүргізеді. Рейстерді кешіктірген және тоқтатқан кезде жолаушылардың құқықтары бұзылған деректер анықталса, әуекомпаниялар әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деді ведомство өкілі.
Осы рейстердің жолаушылары cc@сaakz.kz электрон адресі бойынша жазбаша өтінішпен жүгіне алады.
"Сонымен қатар, тасымалдаушының кінәсінен рейс кідірген немесе орындалмаған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жолаушыларға тегін ана мен бала бөлмесі, рейсті 2 сағат күткен кезде салқын сусындар, 4 сағат күткен кезде ыстық тамақ (бұдан әрі күндіз әр 6 сағат сайын және түнде 8 сағат сайын) берілуі керек. Сондай-ақ, күндіз 8 сағаттан артық және түнде 6 сағаттан артық рейсті күткен кезде қонақүйде тұру мүмкіндігі қарастырылуы, тұратын орынға дейін және одан әуежайға кері қайту қамтамасыз етілуі қажет", - деп еске салды ААК қызметкері.