Азапталып, зорланған 75 жастағы кейуана бір жыл бойына әділдік таппай жүр

0
873

Прокурор соттан 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.


Азапталып, зорланған 75 жастағы кейуана бір жыл бойына әділдік таппай жүр

ERNUR.KZ. Ақмола облысында 21 қарашада 75 жастағы кейуананы қорлаған күдіктіге қатысты сот үкім шығаруы керек, деп жазады Zakon.kz.

"Немолчи" қозғалысының жетекшісі Дина Смаилова зардап шеккен қарт әйелдің оқиғасы туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

Бұл оқиға 2018 жылы 30 қыркүйекте Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Жібек-Жолы ауылында болған. Кісі өлтіргені үшін жазасын өтеп шыққан 32 жастағы Марат Дүйсекеев таңертеңгі сағат төрт шамасында кейуананың үйіне кіріп, оны аяусыз ұрып-соғып, зорлап, ақырында үйін тонап кеткен.

Целиноград аудандық соты бұл іске қатысты үкім шығаруы керек. Прокурор соттан 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Бұл факт жәбірленушіні де, қоғам белсенділерінің де ашуын туғызып, шымбайына қатты батты.

"Кейуана 75 жаста, оны бір жылдан астам уақыт сот пен тергеуге сүйрелеп жүр, зейнет жасындағы адамға мұндай сұмдыққа төзудің өзі өте ауыр. Ол оны аяусыз соққыға жығыққан, қабырғасын мыжып, басын тұқыртып, көзін шұқып, істемегенді істеген. Егде жастағы әйел каратэ шеберінен бір сағат бойы көрмегенді көрген. Ол кетіп бара жатып, "біреуге айтсаң өлтіремін" деп қорқытқан. Әйел адам, тіпті орнынан қозғала алмаған", - деді Дина Смаилова.

Әйел есін жиғанда ағасына телефон шалған. Оны ауруханаға жатқызды. Қазір ол жиі есінен танып, құлап қала береді, сол жақ көзі көрмейді.

"Бірақ сарапшының қорытындысында денсаулыққа жеңіл дәрежеде зиян келтірілген деген қорытынды берілген, осыны негізге алған прокурор оған тек 4 жыл ғана жаза сұрауды шешкен. Тіпті, "Қарақшылық" бабы бойынша 3 жылдан 7 жылға дейін беріледі. Ескі заң бойынша зорлағаны үшін 3 жылдан 5 жылға дейін беріледі. Түрмеден шыққаннан кейін тәртібі түзелмеген, ол кезде де зейнеткердің үйіне арқанмен кіріп, оны қорлау кезінде шыдамай өлтірген адамға жақсы прокурор 4 жыл сұрайды!
Білесіздер ме, кісі өлтірушілерге, зорлаушыларға, қарақшыларға деген мұндай махаббат мені таң қалдырады, алдыңғы қылмысы үшін Дюсекеевке бар болғаны 8 жыл берілген! Одан да аз жылға отырып шықты, енді кейуананы қорлағаны үшін 4 жыл ғана бергелі тұр ма? Біріншіден, олар істі қате бағалады, ол оны өлтірмек болып келгені анық, бұл өлтіру әрекеті болды, өлтіру құралы арқан деп болжауға болады. Неліктен олар бірінші қылмыста да адам өлтірудің құралы арқан болғанын ескермеді!" - деп ашуланады Смайылова.