Қазақстан Президенті елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

0
1 549

Мемлекет басшысы рәсімге қатысушыларды Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының басталуымен құттықтап, олардың қызметтері мемлекетаралық қарым-қатынастарды дамытуға тың серпін беретініне сенім білдірді.


Қазақстан Президенті елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

фото: akorda.kz

Рәсім барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Ресей Федерациясының Төтенше және өкілетті елшісі, Өзбекстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі, Түрікменстанның Төтенше және өкілетті елшісі және Италия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі сенім грамотасын тапсырды,-деп хабарлайды ERNUR.KZ akorda.kz-ке сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы рәсімге қатысушыларды Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының басталуымен құттықтап, олардың қызметтері мемлекетаралық қарым-қатынастарды дамытуға тың серпін беретініне сенім білдірді.

– Сіздердің дипломатиялық қызметтеріңіз еліміз үшін мазмұнды әрі маңызды оқиғаларға толы кезеңде басталғалы тұр. Қазақстан ширек ғасыр ішінде демократиялық жүйесі орныққан, азаматтық қоғамы кемелденген, экономикасы дамыған мемлекетке айналды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті елімізде халықаралық байланыстарды нығайтуға бағытталған көпжақты сыртқы саясат жалғаса беретінін атап өтті.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев дипломаттарды тағы да құттықтап, екіжақты қарым-қатынастарды нығайту жолындағы қызметтеріне табыс тіледі.