Байқоңырда ғарыш кемесін ұшыруға дайындықтың соңғы кезеңі жүріп жатыр

0
216

МКС-72 экспедициясының басталуы 11 қыркүйекке жоспарланған.


Байқоңырда ғарыш кемесін ұшыруға дайындықтың соңғы кезеңі жүріп жатыр

ERNUR.KZ. Байқоңырда жаңа ғарыш кемесін ұшырудың соңғы тетіктері пысықталуда. 1 қыркүйекте Роскосмос мамандары "Союз МС-26"-ны "Союз-2.1 а" зымыранының өтпелі бөлігімен қондырды, деп жазады zakon.kz.

"Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының ақпараты бойынша, бұл бөлік кемені бас қаптамамен байланыстырады, оның командалық интерфейсін зымыранның борттық басқару жүйесіне біріктіруді қамтамасыз етеді.

МКС-72 экспедициясының басталуы 11 қыркүйекке жоспарланған.

Бұған дейін "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенінде ұшу сынақтары қашан басталатындығы хабарланған болатын.