Бала саудасы: қылмыстық топ әшкереленді

0
430

Қызылорда облысының тумасы 38 жастағы күдікті анықталды.


Бала саудасы: қылмыстық топ әшкереленді

ERNUR.KZ. Алматы облысының полицейлері бала саудасымен айналысты деген қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты, - деп жазады tengrinews.kz.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері кәмелетке толмағандарды саудалады деген күдікке ілінген қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты.

"25 тамызда Surak.baribar әлеуметтік желісінде кәмелетке толмағандар мен жаңа туған балаларды заңды түрде асырап алу түріндегі заңсыз әрекеттермен айналысады делінген қылмыстық топ жұмыс істейтіні туралы жедел ақпарат келіп түсті. 28 тамызда облыстық Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында Қызылорда облысының тумасы 38 жастағы күдіктіні анықтады", - деді Алматы облысының Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.

Полиция қызметкерлер кәмелетке толмағандарды сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.