Балалар қауіпсіздігі үшін терезелердің сыртын арнайы құлыппен жабдықтау міндеттеледі

0
571

Заң жобасы депутаттардның бастамашылығымен әзірленген.


Балалар қауіпсіздігі үшін терезелердің сыртын арнайы құлыппен жабдықтау міндеттеледі

ERNUR.KZ. Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданды, деп жазады Azattyq Ruhy.

«Жобада үш негізгі бағыт бойынша нормалар қарастырылған: Бірінші бағыт, балалардың қауіпсіздігіне және құқықтарын қорғауға қатысты нормалар. Соңғы кезде мектеп ғимараттарының төбелерінің құлауы сиақты фактілер жиеленіп кетті. Сондықтан, осындай, біраз жылдар бойы жұмыс істеп тұрған ғимараттарды әр 5 жыл сайын тексеріп тұру өте маңызды деп санаймыз.Заң жобасында 30 жылдан көп пайдаланып келе жатқан мектеп, балабақша мен колледждердің ғимараттарын, әр 5 жыл сайын апаттылық қауіпі бойынша тексеру туралы норма ұсынылды. Тағы бір проблема, кішкентай балалардың терезелерден құлауы. Өкінішке орай соңғы екі жылда жүздеген бала терезеден құлаған. Осыған орай заң жобасымен терезелерді арнайы қауіпсіздік механизмдерімен немесе құлыптарымен қамтамасыз ету міндеттеледі», - деді ол.

Аймағамбетов атағандай, тәлімгерлер, волонтерлік тәртіпте, яғни ақысыз, балалар үйінің тәрбиеленушілерін қамқорлығына алып, оларға қолдау көрсетуге, әлеуметтендіру жұмысын жүргізуге мүмкіндік алады.

«Тәлімгерге, оларды бақылауға, олардың жауапкершілігіне қатысты нақты, әрі қатаң талаптар қарастырылды. Балалар үйі, білім басқармасы мен тәлімгер арасында барлық қарым қатынастар шартпен реттеледі. Білім беру ұйымдарында діни және басқа да зиянды ақпаратқа жол бермеу туралы нақты міндет бекітілді. Келесі бағыт білім бері ұйымдарының еркіндігін кеңейту. Бүгін білім беру ұйымдары үшін типтік штаттар бекітілген, яғни сыныптардың санана байланысты мекемеде осыншама орынбасар, есепші, болу керек деп бекітіледі. Бірақ мекеме басшысында осы штаттарды тиімді пайлалану үшін қажеттілігі жоқ лауазымды, керегіне алмастыруға дербестігі жоқ. Сондықтан заң жобасында бекітілген штат санының шеңберінде, штат кестесінің лауазымдарын ауыстыру құқығы беріледі», - деді Аймағамбетов.

Ол тағы бір проблема - кішкентай балалардың терезелерден құлауы екенін атап өтті.

«Өкінішке қарай, соңғы екі жылда жүздеген бала терезеден құлаған. Осыған орай заң жобасында терезелерді арнайы қауіпсіздік механизмдерімен немесе құлыптарымен қамтамасыз ету міндеттеледі. Бізде әлеуметтік нысандармен, мектептер мен балабақшалармен қамтамасыз етіп алмай тұрып, көпқабатты үйлерді салу проблемасы бар. Әсіресе мегаполистерде. Осының кесірінен жұмыс істеп тұрған мектеп үш ауысымға көшеді, балалардың денсаулығына қауіп төнеді, ал енді мектеп салайын десе жақын жерде бос жер де қалмайды. Осыған орай заң жобасына жаңа талап енгізілді. Енді мектеп, балабақша мен аурухананы салып алмай көпқабатты тұрғын үйлерді салуға тыйым салынады», - деп айтты Аймағамбетов.

Заң жобасының мақсаты білім беру саласындағы ұлттық заңнаманы және жетім балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық заңнаманы кешенді жетілдіру.

Заң жобасында әкімдіктерге білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша, сондай-ақ тиісті аумақта білім беруді дамыту жоспарын әзірлеу және мәслихатқа енгізу, білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау, оларды әрбір 5 жыл сайын апаттылық мәніне тексеру жөнінде жаңа функциялар беру көзделеді.