Балалар коронавирус жұқпасын жеңіл түрде өткізді

0
741

Короновирус жұқпасы анықталған алпысқа жуық баланың 18-інде «covid-19» жұқпасының симптомы болған.


Балалар коронавирус жұқпасын жеңіл түрде өткізді

Пандемия кезінде Атырау облыстық балалар ауруханасында жоспарлы ем алғандар ішінен алпысқа жуық баладан короновирус жұқпасы анықталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

« Короновирус жұқпасы анықталған алпысқа жуық баланың 18-інде «covid-19» жұқпасының симптомы болған. Оның 13-і дер кезінде Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды. Бес балада «covid- 19» жұқпасымен қоса туабітті және созылмалы ауруы болғандықтан балалар ауруханасында емделді. Қалған қырықтан астам балада короновирустың симптомсыз түрі анықталғандықтан, оларды жергілікті емхана дәрігерлері бақылауда ұстады. Қазіргі уақытта балалар сау, сынама нәтижесі "теріс" көрсетіп отыр. Қазір короновирус жұқпасымен ем алып жатқан бала жоқ»- деді Атырау облыстық балалар ауруханасының дәрігері Айгүл Сүндетова Атырау облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте.