Балқашта 50-90 жас аралығындағы зейнеткерлер би үйірмесіне барып жүр

0
1 542

Оған келушілердің ең жасы 50-де болса, үлкені 90-ға таяп қалған. Олар фитнес залында аптасына 3 рет жаттығады.


Балқашта 50-90 жас аралығындағы зейнеткерлер би үйірмесіне барып жүр

иллюстрациялық фото: udoktora.net

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында 50-ден 90 жастағы зейнеткерлер айналысатын би үйірмесі ашылды, деп хабарлайдыERNUR.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды облысының Балқаш қаласында тұратын Светлана Вербич жасы жетпіске келсе де, жастардан кем билемейді. Қазір ол өзі қатарлас замандастарына арнап, би үйірмесін ашқан. Оған келушілердің ең жасы 50-де болса, үлкені 90-ға таяп қалған. Олар фитнес залында аптасына 3 рет жаттығады.

Салауатты өмір салтын ұстанған әжелеріміздің кейбірі, тіпті халықаралық жарыстарға да барып, жүлделі оралған. Қазір олардың қатары күннен күнге толығып келеді. Тағы бір таң қаларлығы, 70-тегі жаттықтырушы Светлана Вербич 4 сағат бойы тоқтамай билей алады.

– Әлемде фитнес жаттығуларының жаңа түрі пайда болса, біз бірден өзімізге енгіземіз. Жаттығуды жаңартып отыру аса маңызды. Мен бір күн билемесем, өзімді жаман сезінемін. Маған нейрохирург жаттығуды тастамауға кеңес берген. Соның арқасында өзімді үнемі сергек ұстаймын, - дейді фитнес жаттықтырушы Светлана Вербич.