Балық өсірушілерге субсидия берілуі мүмкін

0
170

Су айдындарын аукциондық сауда-саттық тәсілімен электрондық портал арқылы конкурстық негізде жүргізу ұсынылады.


Балық өсірушілерге субсидия берілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Балық өсірушілерге су тұтыну шығындары үшін субсидия берілуі мүмкін. Бұл туралы Мәжілісте Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин заң жобасын таныстырғанда айтты, деп жазады baq.kz.

Вице-министрдің айтуынша, заң жобасында су айдындарын конкурстық негізде және конкурс рәсімдерін өткізбей беру тәртібі көзделген. Су айдындарын аукциондық сауда-саттық тәсілімен электрондық портал арқылы конкурстық негізде жүргізу ұсынылады.

Тор қоршамада балық өсіру шаруашылықтарын құру жөніндегі инвестициялық жобалар үшін, егер инвестиция сомасы кемінде 150 000 АЕК болса, халықаралық және республикалық маңызы бар су айдындарын конкурс өткізбей беру ұсынылады, бүгінде бұл шамамен 550 млн теңгені құрайды, - деді Бердалин.

Бұл ретте инвесторларға бизнес-жоспардың болуы және қаржының болуын растау шарттарын қойылады, ал міндеттемелері - өндірістік қуаттарды салу, өсіру көлемін ұлғайту.